Жаңалықтар

5 «Ақбота» балабақшасы педагогтерімен баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім беру ұйымының әкімшілігі баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және алдын алу жөніндегі қызметті қаматамасыз етеді және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді, баланы жәбірлеуге (буллингке) нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру ортасында жағдай жасайды.

2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің № 5 «Ақбота» балабақшасында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ДЕТСТВО БЕЗ ОПАСНОСТИ» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Оған Астана қаласы Әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі білім беру бөлімі әдіскері- Көшен Құндыз Слетқызы және Баспа қызметі бөлімі әдіскері Нұршеков Ерғазы Манапұлы қатысты.

Балабақшамыздың педагогтері мен бүлдіршіндері Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы ұйымдастырған “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!” атты іс шараға қатысып, “Бестемше”, “Алаңдағы бестемше” ойындарынан, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “Бала мерген”, “Шабандоз” жобаларынан шебер сыныптар көрсетіп, жиналған қауымды шеберліктерімен тәнті етті.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!