Жаңалықтар

Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асырылған шоқтығы биік жобалардың бірі - "Шабандоз" жобасында бүлдіршіндеріміз атқа қалай мініп, үзеңгіге бірінші қай аяқты салу керектігін үйренеді, қамшы, үзеңгі, жүген туралы біледі. Балалар өте жағымды әсер алады және денсаулығына өте пайдалы, денелері ширақ, өздерін сергек сезінеді.

 

5 "Ақбота" балабақшасының ата-аналары ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Астана қаласының басқа балабақшаларына "Алаңдағы бестемше", "Бес тас", "Асық ату" ұлттық ойындарынан челлендж жолдайды. Жас ұрпақтың бойына ата дәстүрін сіңдіріп, қазақилығымызды мақтан тұту - өзімізден бастау алмақ. Ұлттық ойындарға деген ілтипат пен қызығушылық - әрқашан жоғары болғай!

 Бата беру үрдісі қазақ халқының қанына сіңген ерекше дәстүрлердің бірі. "Атаңның ботасын алма, батасын ал" деп жас ұрпақты бата алуға шақырып, 5 "Ақбота" балабақшасы 65 "Балбала" балабақшасына бата беру челленджін жолдайды.

2023 жылы 29 қыркүйекте 5 "Ақбота" балабақшасы бүлдіршіндері, қызметкерлері үшін өрт қауіптілігі және терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті. Барлық қызметкерлер мен бүлдіршіндерге терроризм және өрт қауіптілігі туындаған жағдайда дұрыс әрі жылдам эвакуация жасау түсіндірілді. Қосымша есіктер мен дабыл беру құралдары іске қосылып, кезекшілер және жауапты қызметкерлер балалардың қауіпсіз далаға шығуына бағыт-бағдар беріп көмек көрсетті.
Апат айтып келмейді. Сондықтан әрқашанда сақтық танытып,  қауіпсіздікті күшейтуіміз қажет.
 

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!