Жаңалықтар

Отбасы балабақшамен бірлесе отырып оқу-тәрбие үрдісінің табысты болуына атсалысса, жұмыс қашанда өзінің оң нәтиже беретіні сөзсіз. Әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың жемісті нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп, өз алдына сабақтастық, ынтымақтастық орнату мақсатында "Бала тәрбиесі баршамызға ортақ" атты іс-шара өтті. Шараға әкелер де, аналар да аса зор қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты.

             

 

 

              

 

 

                    

 

 

                  

 

 

                  

 

2023 жылдың 17 наурызында Астана қаласы білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен №5 «Ақбота» балабақшасының базасында елордамыздың 16 балабақшасының қатысуымен ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысы өтті. Ұлттық ойын жарысында Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы Құланова Құралай Қадырқызы, Тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы, мемлекеттік степендия иегері Есіркеп Құндыз Жармұханбетқызы төрешілік жасап, әділ шешімін шығарды. Аудандық кезеңнен жүлделі орын алған бүлдіршіндер қалалық додада зияткерлік, терең ойлау қабілеттерін ортаға салды. Ұлттық ойын жарысының қатысушылары Алғыс хаттармен, баллдары тең түскен №5 «Ақбота», №71 «Мөлдір», №85 «Мейіржан» балабақшаларының жеңімпаздары І дәрежелі, №66 «Толағай» балабақшасының жеңімпазы ІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

2023 жылдың 16 наурызында 11 балабақшаның қатысуымен өткен ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңінде балабақша тәрбиеленушісі Жексенбек Алинұр Бауыржанұлы қатысып, доданың 7 айналымында да дес бермей тамаша ойын көрсетіп, қалалық жарысқа жолдама алды. Алинұрға СӘТТІЛІК!

2023 жылдың наурыз айына арналған айлық жоспарын сәйкес, балабақшада «Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шаралар жоспары іске асырылды. Іс-шара барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтар жүргізіліп, музыка залы мерекеге сай безендірілді. Мерекеде тәрбиеленушілермен «Оқтау тартыс», «Бестемше», «Ханталапай», «Арқан тарту» т.б ұлттық ойындар кеңінен ойнатылды. Балабақшада құрылған «Әжелер мектебінің» әжелері «Тұсау кесу», «Ат қою», «Қырқынан шығару», «Бесікке салу» т.б салт-дәстүрлерін насихаттады. Қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық бұйымдар мен қолөнер туындыларынан көрме қойылып, балалар танымын кеңейту мақсатында саяхат ұйымдастырылды.

2023 жылдың наурыз айының айлық жоспарына сәйкес, балабақшада «Аналар-асыл жандар» 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шара барысында мереке өтетін орындарды  мерекеге сай безендіру ұйымдастырылып, ертеңгіліктер өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары басты назарда болды. 6 наурыз күні топтар арасында«Үздік ашық хат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпазы «Парасат» ересек тобы, топ тәрбиешісі Р.Бейсекеева балаларға арналған ертегі кітаптармен, мақтау қағазымен марапатталды. 3-7 наурыз аралығында топтардың жеке-жеке ата-аналардың қатысуымен «Аналар-асыл жандар» атты ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгілікте балалар аналарына деген ыстық лебіздерін ән мен би, өлең шумақтары арқылы жеткізе білді.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!