Жаңалықтар

2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің № 5 «Ақбота» балабақшасында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ДЕТСТВО БЕЗ ОПАСНОСТИ» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.

2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің № 5 «Ақбота» балабақшасында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ДЕТСТВО БЕЗ ОПАСНОСТИ» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Оған Астана қаласы Әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі білім беру бөлімі әдіскері- Көшен Құндыз Слетқызы және Баспа қызметі бөлімі әдіскері Нұршеков Ерғазы Манапұлы қатысты.

​Салтанатты іс-шара балабақша бүлдіршіндерінің «Қауіпсіз әлем» композициясымен басталды. Дүлдүл айтыскерлеріміз қауіпсіздік жайында Айтыс көрсетіп, «Сақ бол, балақай!» сахналық қойылымы, «Мой друг - велосипед» танымдық ойын-сауық, «Көңілді бағдаршам» биімен жалғасты. Күміс көмей әнші Берікқан Еламан «Отан» әнін шырқады. Өрт сөндіруші, полиция, дәрігер болып киінген балалар «Біз қорғауға дайынбыз» әндерін орындап, өнерлерімен тәнті етті. Соңында осы онкүндікке белсене атсалысып қатысқан ата-аналар мен балаларға мадақтамалар мен алғыс хаттар табысталды.
         Іс-шара аяқталғаннан кейін келген қонақтарымыз балабақшаның заттық-кеңістік дамытушы ортасымен танысты. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебінің» «Шабандоз» атқа міну, «Бала мерген» садақ ату сияқты отбасындағы әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруды көздейтін шоқтығы биік жобалардың қалай іске асып жатқандығына куә болды. Сонымен қатар бүлдіршіндеріміз келген қонақтарды балабақшамыздың авторлық ойыны - «Алаңдағы бестемше» ойынын ойнау шеберлігімен тәнті етті. «Kidsburg» мамандықтар қалашығында сюжеттік-рөлдік ойындар, «Сиқырлы құм» құм терапиясы, «Шебер қолдар» сазбалшықтан бұйым жасау жұмыстары көрсетілді.
​Әлбетте, балабақшамызда жоспарланған қалалық, Республикалық іс-шаралар жалғасын таба бермек...
 
 



МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!