Жаңалықтар

Балабақшамызда «Туған тілім-анам тілі-өз тілім»  көркемсөз сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударылып, жүлдегерлер анықталды. Бас жүлдені- Берікқан Еламан, 1 орын- Серік Әмір, 2 орын- Абай Айлин, 3 орынды- Мауленова Раяна иеленді. Бүлдіршіндеріміздің сөз өнеріне деген құрметіне ризашылығымызды білдіреміз! 

 

Бүгінгі қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылып өткізіліп отырған ЖӘРМЕҢКЕМІЗГЕ бір кісідей ат   салысқан барлық ата-аналарымызға балабақша ұжымы атынан алғыс білдіремін! Осы жәрмеңкеден түскен қаражатқа   қарттар үйіне қайырымдылық жасаймыз деген ниеттеріңіз сауаптан болсын! "Қарты бар үйдің қазынасы бар»- деген. Бар ықыласымен, мейірімімен белсене кірісіп аталмыш шараға бей-жай қарамаған ата-аналарымызға риза болдым. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған,  ақсақалын абызға балаған елдің ұрпағы қазіргі кездегі Қарттар үйі деген атауға еті үйренбесін деген ниетпен ұрпақ тәрбиесіне  қосып жатқан үлестеріңіз үшін рахмет! Жасап жатқан істеріңіз берекелі, ұрпақтарыңыз салиқалы болсын!!!

 

Астана қаласы әкімдігінің  № 5 «Ақбота» балабақшасында Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты » тақырыбында мерекелік  іс-шара  өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйектің 25 күні ата-аналармен жәрмеңке ұйымдастырылып, жиналған қаражатқа «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарияларына арнайы сыйлық  алынды.  Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған,  ақсақалын абызға балаған елдің ұрпағы қазіргі кездегі Қарттар үйі деген атауға еті үйренбесін деген ниетпен аталмыш іс-шара ұйымдастырылып, Қарты бардың - қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау балабақшадан бастау алды.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!