Жаңалықтар

«Шабандоз» жобасы.

Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асырылған шоқтығы биік жобалардың бірі - "Шабандоз" жобасында бүлдіршіндеріміз атқа қалай мініп, үзеңгіге бірінші қай аяқты салу керектігін үйренеді, қамшы, үзеңгі, жүген туралы біледі. Балалар өте жағымды әсер алады және денсаулығына өте пайдалы, денелері ширақ, өздерін сергек сезінеді.

Бас, ми қанайналымының толыққанды оттегімен қоректенуіне, тыныс алу жүйесінің кеңеюіне, сүйек, омыртқа қозғалтқыш аппараттарына пайдасы зор, әрі сколиоз бен остеохондроздың алдын алады. "Шабандоз" жобасының басты мақсаты - дені сау, еңсесін тік ұстайтын, рухы мықты, ал жүрегі- Елім! Жерім! -деп соққан нағыз патриоттарды тәрбиелеу.

 




МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!