Жаңалықтар

«Астана Дарыны»

2023 жылдың 17 наурызында Астана қаласы білім басқармасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен №5 «Ақбота» балабақшасының базасында елордамыздың 16 балабақшасының қатысуымен ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысы өтті. Ұлттық ойын жарысында Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті, жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы Құланова Құралай Қадырқызы, Тоғызқұмалақтан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тоғызқұмалақтан әлем чемпионы, мемлекеттік степендия иегері Есіркеп Құндыз Жармұханбетқызы төрешілік жасап, әділ шешімін шығарды. Аудандық кезеңнен жүлделі орын алған бүлдіршіндер қалалық додада зияткерлік, терең ойлау қабілеттерін ортаға салды. Ұлттық ойын жарысының қатысушылары Алғыс хаттармен, баллдары тең түскен №5 «Ақбота», №71 «Мөлдір», №85 «Мейіржан» балабақшаларының жеңімпаздары І дәрежелі, №66 «Толағай» балабақшасының жеңімпазы ІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!