Жаңалықтар

"Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер»

2023 жылдың 23 ақпанында №5 «Ақбота» балабақшасының базасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті. «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерден озық тәжірибелерді тарату, педагогтердің тәжірибе алмасуына ықпал ету» мақсатындағы семинар «Жас келсе іске...» атты жас мамандардың ұйымдастыруымен тренинтен басталды. «Салауат» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ж.Абдикаримова, «Зияткер» мектепалды тобының тәрбиешісі К.Серкебаева, «Саналы» мектепалды тобының тәрбиешісі М.Бузаубакова, «Өрлеу» мектепалды тобының тәрбиешісі Г.Кайнарбаева үлгілік оқу бағдарламасында көзделген меңгерілуі тиіс білім, біліктердің, дағдылар мен құзіреттіліктердің мазмұны мен көлемін сақтай отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиешілер бірнеше білім беру технологияларының элементтерін тиімді қолданып, бала үніне құлақ аса білді. Тәрбиешілер ойын арқылы тәрбиеленушілердің құзыреттіліктерін, физикалық және жеке қасиеттерін дамыту олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдерімен тиімді бөлісті. Балабақша тәрбиешісі А.Рыскулова «Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбында дамытушы, танымдық, ұлттық т.б ойындар жиындарынан көрмеге шолу жасады. «Ойын-баланың жетекші әрекеті» екенін ескере отырып, семинарға қатысушылармен ойындар ойнатты. Келесі кезекте балабақша тәрбиешісі А.Төреева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балабақшада іске асырылып жатқан «Оқу құштар бүлдіршін» яғни, «Мобильді кітапхана» ұзақ мерзімді жобасын қорғады. Жобаның тиімділігі ата-ана өзіне немесе баласына ұнаған ертегі кітаптарды, санамақтарды, жұмабақтарды алып, өзінің ұялы телефонына QR код арқылы жүктеп алу мүмкіндігімен бөлісті. Семинар жалғасын «Құмырсқа мен шегіртке» атты ертегі желісінде ұйымдастырылған мюзиклмен тапты. Мюзиклде ән мен бидің сүйемелдеуімен еңбектің түбі-береке екенін шебер суреттеді. Соңында балабақша әдіскері А.Абдульдинова «Инстаграмм» әдісі арқылы семинар жұмысын қорытындылады.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!