Жаңалықтар

Аналар кеңесі

Респбуликалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы №5 «Ақбота» балабақшасының базасында жалғасын тапты. Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесі төрағасы Назипа Ыдырысқызы Шанаи,  ҚХА республикалық Аналар кеңесі мүшесі  Б.Ахатай, Білім беруді жаңғырту орталығының басшысының орынбасары Д.Байтасов, Ұлттық "BilimInvest" білім саласындағы инвесторлар қауымдастығының вице президенті К.Батырбекова, «МUNARAT» ЖШС атқарушы директоры Н.Қойшыбаев және Елордадағы мемлекеттік балабақша меңгерушілері қатысты. Жиынға ҚХА Аналар кеңесі төрағасы ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясаты бойынша Ұлттық комиссия мүшесі Назипа Ыдырысқызы Шанаи төрағалық етіп, «Қоғамдық ұйымның кейбір мәселелерде әлеуеті жетпей қалуы мүмкін. Біз бірлесе жұмыс атқарғанда алдымызға қойған ең ұлы мақсат- ұлтымызды мәдениетті етіп тәрбиелеуге жетеміз деп ойлаймын», - деген сөзімен бастады.  

Халқымыз ұлт болашағын анамен байланыстырған. Бүгінгі сәби ертеңгі ел іргесін ұстайтын азамат. Баланы жастайынан өз елінің тарихын білуге, салт-дәстүрін қадірлеуге, бойына ұлт намысын сіңіруде ананың рөлі ерекше. Сондықтан ана мен бала әлеуетін көтеру үшін денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет жылда жаңа шаралар қабылдап жатады. Белсенді аналардан құрылған ұйымның жаңа бастамасы да мемлекеттің ұстанымына дәл келетін, болашақта өз жемісін беретін жобаның бірі дәл осы жоба екенін айтып, жиынға қатысушылар да сөз ойларымен бөлісті.  Жиын соңында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ісі бөлімі басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы ортақ іс-әрекеттің арқасында өзінің түпкі мақсатына жетіп, нәтиже көрсетініне сенім білдіретінін айтып қорытындылады.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!