Жаңалықтар

Конституцияға өзгерістер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жаңалық қызу талқыланды

№5 «Ақбота» балабақшасында Конституцияға өзгерістер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жаңалық қызу талқыланды.

Балабақша меңгерушісі М. А. Жолбарысова рефендумның маңызы туралы айтып, ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысуға шақырды. Ата Заңды өзгерту үшін халық өзінің пікірін айтады. Бұл мемлекетіміздің дамуындағы жаңа кезең, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Сондықтан да референдум өткізуді қолдап, 5 маусымда болатын референдумға бір кісідей қатысайық.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!