Жаңалықтар

Патриотизм балалық шақтан басталады

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің.

77 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының №5 "Ақбота" балабақшасының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында болды.

Балаларға сақ, түркі, қыпшақ кезеңдеріндегі киім-кешек пен тұрмыстық заттар, қайта қалпына келтірілген қару-жарақтар қойылған ежелгі залдарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Мұнда аты аңызға айналған қолбасшыларға тиесілі сирек кездесетін экспонаттар қойылған.

Ұлы Отан соғысы залы балаларға үлкен әсер қалдырды. Мұндағы

"Мәңгілік алау" – елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһармен ерлерді, біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от,  өшпес ерлікті бейнелейтін нышан екені айтылды.

Экскурсовод тәрбиеленушілерге Қазақстандық батырлар Сабыр Рахимов, Шакир  Жексенбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы және т.б. туралы айтып берді.

Патриотизм бала кезден басталады. Біздің балаларымыз кішкентай кезінен бастап, қазақ халқының мәдениетін біліп, елі мен жері үшін аямай қан мен тер төккен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі өнеге тұтуы керек. Олардың ерлігі мен істері біздің есімізде мәңгі сақталады. Ұрпақтан-ұрпаққа өшпес мұра болып қалады.

Балабақша қызметкерлері Қорғаныс министрлігіне экскурсияны ұйымдастыруға көмектескені үшін зор алғыс білдіреді және мұндай іс-шара ұзақ және жемісті ынтымақтастықтың бастауы болатынына кәміл сенеді.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!